Жаңалықтар

Тәліптер Ауғанстанда әскери парад өткізді

ашық дереккөзі

Тәліптер Ауғанстанда әскери парад өткізді

"Талибан" қозғалысының өкілдері (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанда әскери шеру өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz Roya News-ке сілтеме жасай отырып. Талибан Ауғанстанның екінші үлкен қаласы Кандагарда жаңа армия құру үшін Ауған және халықаралық күштердің бұрынғы көліктері мен тікұшақтарын қолдана отырып әскери шеру өткізді. Әскери көліктер колоннасы әуежайды қала орталығымен байланыстыратын Кандагардың негізгі тас жолымен өткен. Қазір Талибан әскери бөлімдерді қайта құрып жатыр. Осылайша, бұрынғы "Аттал" Кандагар армия корпусының атауы өзгеріп, арабша "Аль-Бандар" аталатын болды.