9 қарашада қандай маңызды оқиғалар болды?

9 қарашада қандай маңызды оқиғалар болды?

9 қарашада қандай маңызды оқиғалар болды?
ашық дереккөзі
1996 жылы Елбасы Жарлығымен Желтоқсан көтерілісіне қатысып, құрбан болған боздақ Қайрат Рысқұлбековке Халық Қаһарманы атағы берілді. 1997 жылы Тегеранда ислам әлемінің экологиялық апаттардан зардап шеккен аймақтарына: Арал теңізінің бассейні мен Семей ядролық полигон аймағына көмек көрсету туралы Қарар қабылданды. 2004 жылы 9-11 қарашада Астанада Қазақстанның үздік тауарлары республикалық конкурсы өтті. Оған 100-ден астам отандық кәсіпорын қатысты. Конкурстың басты мақсаты - импортпен нақты күреске қатысу, нарықты меңгеру. 2004 жылы Өскеменнің Өнер мұражайында Самородок ерікті суретшілер клубының беташар рәсімі болып өтті. Вернисажда облыстың алыс аудандарынан жеткізілген, жаңа толқын өкілдері саналатын 10 суретшінің және танымал жергілікті 21 суретшінің туындылары қойылды. 2006 жылы Қазақстанның еңбекші әйелдерінің бірінші конгресі өз жұмысын бастады. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы Келісімді бекіту туралы Заңға қол қойды. 2008 жылы Қарағандыда ұлы ғалым және ойшыл Абайға арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ескерткіш авторы - мүсінші Асқар Нартов. Бикітігі 5 метр мүсін Қарағанды облысының көркемдік-өндірістік комбинатында құйылған. 2009 жылы Алматыда белгілі кинооператор, халық әртісі, кинематографистер одағының мүшесі Ескендір Тынышбаевтың 100 жылдығына арналған пошта маркасы шығарылды. Ескендір Тынышбаев (1909-1995) - қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби кинооператор. Оның операторлығымен Дала қызы, Оның заманы келеді, Бізді таны, Біз Жетісуданбыз сынды ондаған көркем, жүздеген деректі, ғылыми-танымдық фильмдер түсіріліп, Қазақстан киносының алтын қорына енген. Пошта маркасында Е.Тынышбаевтың кинокамерамен түскен суреті бейнеленген. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов. 2010 жылы Нью-Йоркте Қазақстан-Америка инвестициялық форумы өтіп, онда таяуда АҚШ-та (Нью-Йорк қаласы) ашылған ҚР сауда-өндірістік палатасы өкілдігінің тұсаукесері болды. 2011 жылы белгілі қазақстандық жазушы Роллан Сейсенбаевтың редакциясымен Мағжанның Күннен туған баламын атты жаңа жинағы шықты. Автор басылымды да осы сөзбен атады. Кітапқа Мағжанның қазақ тіліндегі және орыс тіліне аударылған өлеңдері еніп, ақынның өмір жолы баяндалды. 2011 жылы Алматыда қазақ тілінде Алдар көсе оқиғалары атты қазақстандық толық метражды көркем фильмінің премьералық көрсетілімі өтті. 2015 жылы Алматыдағы Кеңсай зиратына Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш қойылды. Кешеннің биіктігі 2,15 м. Мемориал тақтаның оң жағында саксофон ұстаған Батырхан Шүкеновтің бейнесі бейнеленген. 2016 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның үш ұлттық театрына: корей, неміс және ұйғыр театрларына академиялық мәртебе беру туралы өкім шығарды.