Қарағанды облысы тұрғыны 35 жыл бұрын тастап кеткен ұлын тапты

Қарағанды облысы тұрғыны 35 жыл бұрын тастап кеткен ұлын тапты

Қарағанды облысы тұрғыны 35 жыл бұрын тастап кеткен ұлын тапты
ашық дереккөзі

Қарағанды облысы тұрғыны 35 жыл бұрын тастап кеткен ұлын тапты. Ол ұлын 7 жасында тастап кеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусымда Бұқар жырау аудандық ішкі істер бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлдана Үмітбаеваға Тұзды ауылының тұрғыны 60 жастағы Галина Румянцева телефон шалған. Ол азаматтық некедегі жары ұрып-соғып, балаларымен үйден қуып шыққанын айтқан Полицейлер әйелді балаларымен бірге Шахтинск қаласының дағдарыс орталығына алып келген. Олар оған Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылында уақытша баспана тауып, жұмысқа тұруға, сондай-ақ құжаттарын жинап, тұрақты баспана кезегіне өтінім беруге көмектескен екен.
"Галина Михайловна еш жерде жұмыс істемейтін, ішімдікке әуес қызымен бірге тұрған. Бұл отбасы тіркеуде тұрды және тұрмысы нашар отбасылар санатына жататындықтан, бақылауымызда болды", - дейді Гүлдана Үмітбаева.
Аға инспектордың айтуынша, Галина Румянцеваның қызы биыл қайтыс болған, ал әйел жалғыз қалған.
"Галина Михайловнаны Қушоқы ауылындағы дағдарыс орталығына орналастырдық. Әйел туыстарын іздеп жүріп, ұлы бар екенін айтты. Бірақ ол баласын жеті жасында тастап, тұрмысқа шыққан", - деді инспектор.
Гүлдана Үмітбаева тұрғын ұлын тапқанын айтты. Қазір ол Қостанай облысының Придорожное ауылында тұрады.  width=
"35 жыл ішінде Галина Михайловна алғаш рет ұлымен WhatsApp арқылы хабарласты. Осынша жылдан кейін ұлын көрген әйел көзіне жас алды. Жақында ғана Сергей Бұқар жырау ауданына келіп, анасын алып кетті", - деді полиция өкілдері.