Биыл полицияның қызметтік бөлмелеріне жаппай камера орнатылады

Биыл полицияның қызметтік бөлмелеріне жаппай камера орнатылады

Биыл полицияның қызметтік бөлмелеріне жаппай камера орнатылады
ашық дереккөзі
Биыл полицияның қызметтік бөлмелеріне жаппай камера орнатылады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. «Полицияның қызметтік бөлмелерінде және пенитенциарлық мекемелерде жаппай бейнебақылау енгізілуде. Ішкі істер органдарында жылдың соңына дейін 15,5 мың камера және пенитенциарлық мекемелерде 33 мың камера орнатылады»,- деді Ерлан Тұрғымбаев. Министр Ішкі істер органдарында үлкен өзгерістер жалғасып жатқанын атап өтті. «Оның нәтижелері туралы айту әзірге ерте. Осындай қадамдарды іске асыру үшін заңға тиісті өзгерістер қажет. Біз бірлескен жұмыс үшін ашықпыз. Сіздердің ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз реформаны сапалы жүргізуге көмектеседі деп сенемін», - деп түйіндеді сөзін ол.