Алматы орталығындағы тұрғын үйлердің бірінде бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберген

Алматы орталығындағы тұрғын үйлердің бірінде бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберген

Алматы орталығындағы тұрғын үйлердің бірінде бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберген
ашық дереккөзі

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қызды өлтіріп, артынша өртеп жібергені туралы ақпаратты полиция департаменті растады, деп хабарлайды turkystan.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа сәйкес, оқиға "Латифа" тұрғын үй кешенінде болған. Полиция ақпаратына сәйкес, аталған дерек қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Іс Медеу ауданы полиция бөлімінде қаралып жатыр.
"Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қылмыстың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр", - деп мәлімдеді полиция.