Ақтаудағы жарылыс: үйіндінің астында тағы екі газ баллоны бар

Ақтаудағы жарылыс: үйіндінің астында тағы екі газ баллоны бар

Ақтаудағы жарылыс: үйіндінің астында тағы екі газ баллоны бар
ашық дереккөзі

Ақтауда жарылыс болған жерде 70 адам 11 бірлік техниканың көмегімен авариялық-құтқару жұмысын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды 24.kz.

Ал Полиция департаментінің 150 қызметкері және 20 техника жұмылдырылды. «Шерқала» кешені иесінің айтуынша, барлық жұмысшы бұл ғимараттан кешкі сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін шығып кеткен. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, жарылыс газдың ауаға таралуынан болуы мүмкін. Оқиға орнынан екі газ балоны шығарылды.
Бекболат Әбдіқадыров, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары: «Ғимарат иесінің айтуынша, қоқыс астында әрқайсысысы 50 литр болатын тағы екі газ балоны бар. Толығырақ ақпаратты авариялық-құтқару жұмысы аяқталған соң айта аламыз», – деді.
Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Ажмұхановтың мәліметінше, жарылысқа байланысты әзірге ешкім хабарласпаған. Жарылыстан кейін сағат 21:35-те облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды.