Жаңалықтар

Полицейлердің жалақысы 90 пайызға дейін өседі – министрлік

Мәжілістегі Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2023 жылға дейін полиция қызметкерлерінің жалақысы 90 пайызға дейін өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Полиция қызметкерлері құқық қорғау органдары арасында өте аз жалақы алады. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап кезең-кезеңмен жалақы өседі», – деді министр.

Ерлан Тұрғымбаев 2023 жылға дейін полиция қызметкерлерінің жалақысын 50-ден 90 пайызға дейін өсіру жоспарланып отырғанын айтты.

«Осылайша, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенант жалақысы 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Back to top button