Қарағандыда кафеде екі әйел төбелесіп, бірінің жағы сынған

Қарағандыда кафеде екі әйел төбелесіп, бірінің жағы сынған

Қарағандыда кафеде екі әйел төбелесіп, бірінің жағы сынған
ашық дереккөзі

Polisia.kz-тің жазуынша, Қарағандыда кафеге келген әйелдің жағын сындырған келіншек ұсталды.

Полицияға 32 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Ол кешке кафеге барған. Сол жерде екі әйел ұрсысып қалады. Екеуара жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасап, дене жарақатын салған. Жақ сүйегі сынған арызданушы медициналық мекемеге жүгінген. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғады. 28 қазанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 28 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындаған, тергеу жүргізіліп жатыр.