Бүгін 7 аймақта ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

Бүгін 7 аймақта ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

Бүгін 7 аймақта ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК 8 қарашада еліміз қалаларында күтілетін ауа сапасы туралы мәлімет ұсынды. Дүйсенбіде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (дәрежесіз) Алматы, Атырау, Шымкент, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды және Теміртау қалаларында болжанады. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.