Бағдат қаласының орталығында жойқын жарылыс болды

Бағдат қаласының орталығында жойқын жарылыс болды

Бағдат қаласының орталығында жойқын жарылыс болды
ашық дереккөзі
Жексенбі күні кешке Ирак астанасының орталық бөлігінде жойқын жарылыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Alsumaria телеарнасына сілтеме жасап жазды. Белгілі болғандай, оқиға негізінен шетелдік елшіліктер мен мемлекеттік мекемелер орналасқан ерекше қорғалатын «жасыл аймақтың» бөлігі болып табылатын Эль-Каррадаға жақын жерде болған. Басқа мәліметтер әзірге айтылмай отыр. Айта кетсек, жексенбіге қараған түні Бағдадта Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казимиге қастандық жасалды. Оның «жасыл аймақта» орналасқан резиденциясына дрондармен шабуыл жасалды. Ирак үкіметінің басшысы зардап шеккен жоқ, ол қауіпсіз жерге көшірілді.