Жаңалықтар

Ақтаудағы жарылыс: облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды

Ақтаудағы асханада болған жарылысқа қатысты Маңғыстау облысы әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды.

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекболат Әбдіқадыровтың мәліметәнше, Ақтау қаласы әкімінің шешімімен қоқыс жинау үшін Мұнайлы ауданы, Баянды кентінен 30 шақырым жерде қоқыс полигоны ұйымдастырылған. «Көктем» МКК күшімен жарылыстан қираған қоқыстар шығарылуда. Полиция қызметкерлері белгіленген учаскені қоршауға алды.

Айта кетейік, 7 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22-25-те Маңғыстау облысы ТЖД Жедел кезекшісіне Ақтау қаласының 29 ш/а мекенжайы бойынша 2-қабатты «Шерқала» кешенінің (ішінде арнайы киім дүкені, автобөлшектер дүкені, мейрамхана, сауна, техникалық қызмет көрсету станциясы, қоймалары бар) 1-қабатында орналасқан асханада жарылыс болғаны хабарланды. Нәтижесінде кешен құрылымы ішінара бұзылған. Ғимараттың 200 шаршы метр аумағы құлаған, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жарылыстың себебі анықталуда. Қазіргі уақытта оқиға орнында үйінділерді талдау жұмыстары жүріп жатыр. ​

Асхана иесінің айтуынша, жарылыс кезінде жұмысшы персонал болмаған. Жарылыс кезінде 10 көлік құралы (бейбіт тұрғындар) болды. Барлық автокөліктер жарылыс толқыны салдарынан зардап шекті. Жол полициясы қызметкерлері арнайы техниканың (эвакуатор) көмегімен 10 автокөлікті эвакуациялады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс газ-ауа қоспасының ағуынан болуы мүмкін.

Back to top button