"Арселор Миттал Теміртау" компаниясының шахтасында бұған дейін де ірі жарылыс болған

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясының шахтасында бұған дейін де ірі жарылыс болған

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясының шахтасында бұған дейін де ірі жарылыс болған
ашық дереккөзі
Алты адамның өмірін қиған «Абай» шахтасында бұған дейін де ірі апат болған. 2008 жылы метан жарылып, 30 адам бақилық болған еді. Кейінгі 30 жылда еліміздегі тау-кен саласында болған төтенше жағдайлар аз емес.  Метан газының жарылуы салдарынан еліміздегі тау-кен саласында жүздеген адам көз жұмған. Абай шахтасында 2008 жылы да қайғылы оқиғадан 30 адам қаза тапқан болатын. Оның 21-інің денесі әлі де табылмаған деген дерек бар. 8 жылдан кейін «Саранскаяда» 4 адам мерт болды. «Казахстанская» шахтасындағы апат та көпшілік есінде. Былтыр да осындай қайғылы жағдай Шығыс Қазақстанда тіркелді. Ақтөбе де ірі апат орын алған еді. Қос жағдайдан кейін 6 адам көз жұмды. Мамандар оқиғаны жіті зерттеп, нәтиже шығару керек дейді. "Әрбір апаттық жағдай бойынша Еңбек Кодексіне сәйкес тергеу, тексеру жұмыстары жүргізіледі. Соңғы жағдай бойынша да мемлекеттік комиссия құрылды. Олар жұмысын бастап кетті. Нәтижесі белгілі болғанда, кінәлілер жазаланып, кәсіпорындағы қауіпсіздік шараларын жетілдіру талаптары күшейеді", дейді көмір өндірушілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев. 1994 жылы «Ақтас» шахтасындағы өрттен 11 адам көз жұмды. Қарағанды облысына қарайтын тағы бір нысан – «Казахстанская» шахтасы. Дәл осы жылдың жазында жарылыс салдарынан 14 адамның ғұмыры қиылды. Бір жылдан кейін Ленин шахтасында 13 адам бақилық болды. 2006 жылы мұнда тағы бір төтенше жағдай тіркеліп, 41 адам қаза тапқан еді. Жанын шүберекке түйіп жұмыс істейтін шахтерлардың қауіпсіздігі бірінші орында тұруы керек.