Альберт Линдердің өлімінен кейінгі ауыс-түйіс: Құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды

Альберт Линдердің өлімінен кейінгі ауыс-түйіс: Құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды

Альберт Линдердің өлімінен кейінгі ауыс-түйіс: Құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды
ашық дереккөзі
Талдықорғанда ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен өткен жаттықтырушылар Кеңесінің отырысында бапкер Дәурен Бекмұханбетов ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып сайланды. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясының ресми сайты хабарлайды.
"Ашығын айту керек,  танымал спортшы Альберт Линдердің қайтыс болуы және одан кейінгі спортшылардың, жаттықтырушылардың, сондай-ақ Альберт Линдердің туыстарының көптеген үндеулері мен өзге оқиғалар түбегейлі шаралар қабылдаудың шешуші себебі болғаны анық. Министрдің араласуынан кейін жаттықтырушылар штабы тарапынан өрескел бұзушылықтар анықталып, нәтижесінде құраманың бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов, аға жаттықтырушы Сергей Седов және басқалар жұмыстан шеттетілді", – делінген жазбада.
Сондай-ақ, Ақтоты Райымқұлова отырыс кезінде спорттағы әділетсіздік туралы өтініштердің ұлғаюына және оларды растайтын фактілерді анықтауға байланысты танымал балуан, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуковты спорт бойынша омбудсмен етіп тағайындау туралы шешім қабылдағандығын хабарлады.