Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарына қанша сыйақы берілетіні белгілі болды

Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарына қанша сыйақы берілетіні белгілі болды

Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарына қанша сыйақы берілетіні белгілі болды
ашық дереккөзі

Белградта өткен XXI әлем чемпионатында жеңіске жеткен қазақстандық боксшылардың қанша сыйақы алатыны белгілі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары Айдар Махметов мәлімдеді.

AIBA сыйақысы: I – $100.000 II- $50.000 III – $25.000 Қазақстан Бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтің өз атынан беретін сыйақысы:
I- $70.000 II – $50.000 III – $30.000 ҚР Мәдениет және спорт министрлігі беретін сыйақы: I- $15.000 II- $7.000 III- $5.000 Нәтижесінде медалистер келесі соманы қолға алады: I- $185.000 II- $107.000 III – $60.000 «Меніңше, қолдау жаман емес», – деп жазды Айдар Махметов. Еске салсақ, Қазақстан боксшылары Белградта өткен бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Сонымен, жалпыкомандалық есепте Қазақстан екінші орынға ие болды. Теміртас Жүсіпов (48 кг) және Сәкен Бибосынов (51 кг) алтын медаль алса, Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Серік Теміржанов (57 кг) «күміс» және Абылайхан Жүсіпов қола медаль иеленді. Куба 2021 жылғы әлем чемпионатында үш алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Қазақстаннан басқа үздік үштікке АҚШ құрамасы еніп отыр: екі «алтын» және екі «күміс»