Жаңалықтар

Абай шахтасында қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі – Жеңіс Қасымбек

Қарағанды облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқандардың отбастарына көмек көрсетіледі. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», – деді аймақ басшысы.

Бұған дейін Қарағандыдағы шахтада метан газының таралуынан 6 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, бұл кезде жер астында 64 адам болған. 52 кенші жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр.

Back to top button