Жаңалықтар

«Жарылыс кезінде шахтада 64 адам болған». Тірі табылған 2 кеншінің жағдайы ауыр

«Абай» шахтасындағы жарылыстан кейін құтқару жұмыстары кезінде екі кенші тірі табылды.

Құтқару жұмыстары барысында сағат 09:50-де кенжардың бергі жағында екі шахтёр тірі табылды, ал сағат 10:05-те қалған 6 кеншінің денелері табылды. Шахтаның қалған қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

Еске салайық, 7 қараша күні сағат 08:24-те «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, бұл кезде жер астында 64 адам болған. 52 кенші жер бетіне шығарылды.

«Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті жәрдем көрсетіледі», – деп жазды Ж.Қасымбек.

Back to top button