«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының шахтасында 6 кенші қаза тапты

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының шахтасында 6 кенші қаза тапты

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының шахтасында 6 кенші қаза тапты
ашық дереккөзі
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Қарағанды облысының Абай кентіндегі шахтада 8 кеншінің метан газының құрсауында қалғаны туралы хабарлады. «Сағат 09.30-да Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне Абай қаласындағы Абай шахтасында К10 желдету штрегіне метан газы тарағаны туралы ақпарат келіп түсті. Іште шамамен 8 қызметкер қалып отыр», - деді Талғат Уәли. Оқиға орнына дереу құтқарушылар мен арнайы қызметкерлер мен техникалар шыққан. Мән-жайы мен себептері анықтаулда. Қарағанды облысына Төтенше жағдайлар министрі аттанды. «ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің басшылығымен комиссия оқиға орнына шықты. Алдын ала ақпарат бойынша шахтада барлығы 64 жұмысшы болған. 3-К10 кенжарында 8 қызметкер бар (ақпарат нақтыланып жатыр). Кенжардағы 8 қызметкердің 6-уы қаза болды, екі қызметкер жарақат алған (олардың да жағдайы нақтыланып жатыр). Қазір зардап шеккен кеншілерді шахтадан жер бетіне алып шығу жұмыстары жүріп жатыр», - деді ресми өкіл. «Төтенше жағдайды жоюға «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының 15 қызметкері, Төтенше жағдайлар департаментінің 3 өкілі және 2 техникасы, «Апаттық медицина орталығы» мекемесінің 3 қызметкері мен 1 техника) жұмылдырылған. ҚР ТЖМ дерегі бойынша, Абай қаласындағы бұл шахта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тиесілі.