Жаңалықтар

AIBA президенті жақында Қазақстанға келеді

Бокстан Белградта өткен әлем чемпионаты аясында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев AIBA президенті Умар Кремлёвпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу достық пейілде өрбіді. Әңгіме барысында қос тарап басшылары қазақстандық және әлемдік бокстың дамуы жөнінде пікір алмасты. Келісімдер нәтижесінде AIBA Президенті Умар Назарұлы Қазақстанға арнайы келуге келісті. Құрметті қонақтың келуі ағымдағы жылдың қараша айында деп күтілуде.

Айта кетсек, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Белградта өткен Әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі.

 

Back to top button