Жамбыл облысында иісшіл иттің көмегімен жолдағы көліктен 3 қап есірткі табылды

Жамбыл облысында иісшіл иттің көмегімен жолдағы көліктен 3 қап есірткі табылды

Жамбыл облысында иісшіл иттің көмегімен жолдағы көліктен 3 қап есірткі табылды
ашық дереккөзі
Жамбылда қызметтік иттің көмегімен ер адамның көлігінен 50 келі есірткі табылды. «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Шу-Қордай» автожолында 43 жастағы ер адамның басқаруындағы Nissan маркалы автокөлікті тоқтатты. Полиция қызметкерлері «Тея» атты қызметтік иттің көмегімен көліктің жүк бөлімінен жалпы салмағы 50 келіден асатын кептірілген марихуана салынған үш қапты тауып, тәркіледі. «Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау бойынша мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.