Серік Теміржанов бокстан әлем чемпионатының күміс медалін иеленді

Серік Теміржанов бокстан әлем чемпионатының күміс медалін иеленді

Серік Теміржанов бокстан әлем чемпионатының күміс медалін иеленді
ашық дереккөзі
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Серік Теміржанов күміс жүлдегер атанды. Серік Теміржанов 57 келі салмақта АҚШ-тан келген Джамал Харвимен шеберлік байқасты. Алғашқы екі раундта американдық боксшының белсенділігі байқалды. Төрешілер шешімі де солай болды. Жалпы нәтижеде жеңіс Джамал Харвиге бұйырды. Ал Серік күміс жүлдеге қол созды. Еске салсақ, бұдан бұрын 5 қарашада ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) алтын алса, Махмуд Сабырхан (54 келі) күмісті қанағат тұтты. Сондай-ақ, бүгін 6 қарашада Сәкен Бибосынов (51 келі) финалда АҚШ-тан келген Роско Хилл айласын асырып, әлем чемпионы атанды. Ал ел құрамасынан жартылай финалда Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жапон Севонрец Окадзаваға есе жіберді. Осылайша қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында аяқтады. Еншімізде - 2 алтын, 2 күміс, 1 қола. Жалпы командалық есепте ел құрамасы бірінші орында келеді. Еске салсақ, Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) ширек финалда сүрінді . Ал ширек финалға дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.