Атырауда бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз кеткен балықшылар іздестірілуде

Атырауда бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз кеткен балықшылар іздестірілуде

Атырауда бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз кеткен балықшылар іздестірілуде
ашық дереккөзі
«Амангелді» және «Сеф Каспий фиш» кәсіпорындарының 4 балықшысы 3 қарашада балық аулауға шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті. Департаменттің хабарлауынша, іздеу жұмыстары  6 қараша күні басталған. Каспий теңізі жағалауының "Атырау - Исатай – Құрманғазы" бағытында аэро іздестіру жүруде. «МИ-8 арнайы ұшағы Атырау қаласынан 09:58-де ұшып шықты. Бортта экипаждың 3 мүшесі, Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері және  «Амангелді» ЖШС-нің 1 маманы бар. Аэровизуалды іздестіру жұмыстары   270 шақырым қашықтықта, яғни  Каспий теңізі жағалауының  "Атырау - Исатай – Құрманғазы" бағытында жүргізілді. Бірақ, іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже берген жоқ" , - делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.