Кіші Талдыкөлден өлі аққу табылды

Кіші Талдыкөлден өлі аққу табылды

Кіші Талдыкөлден өлі аққу табылды
ашық дереккөзі
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан қаласындағы Кіші Талдыкөл аумағынан табылған өлі аққу туралы түсінік берді. Әлеуметтік желіде Кіші Талдыкөлден өлі аққу табылғаны туралы видео тараған болатын. Кадр сыртындағы дауыс өлі аққудың жанында тас кесектері жатқанын, олардың мұздың бетінде жатқанына қарап, аққуды таспен атқан болуы керек деген болжам айтады. Жануарлар әлеміне жауапты мамандардың айтуынша, өлі аққудың денесінде қастандық белгілері болмаған және ол эпизоотикалық қауіпсіздік шаралары бойынша залалсыздандырылған. «Кеше Ақмола аумақтық инспекциясының инспекторы Дастан Ахметов пен жасыл белдеуді дамыту және профилактикалық дезинфекция бөлімінің басшысы А.С.Жаңатаев «Астана орманы» инспекторларымен бірге қоқиқаз іздеу кезінде өзеннен өлі аққуды тапты. Мамандар өлі құсты тексеру кезінде оқтың іздері мен басқа да зақым болмаған. Құстың өлі денесі ауру таралуын болдырмау үшін қолданыстағы заңнама бойынша жойылды», - деді комитеттің баспасөз қызметінен.