Бұрынғы білім беру министрі Қажахмет Балахметов қайтыс болды

Бұрынғы білім беру министрі Қажахмет Балахметов қайтыс болды

Бұрынғы білім беру министрі Қажахмет Балахметов қайтыс болды
ашық дереккөзі
Отандық білім беру ісінің корифейі, бұрынғы Қазақ КСР білім беру министрі болған Қажахмет Балахметов өмірден өтті. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. "Қажахмет Балахметұлы еліміздің білім беру саласын дамытуға баға жетпес үлес қосқан адам. Бұл саланы 13 жылдан астам басқарған ол, балалар мен жастарды оқыту мәселесіне ерекше назар аударатын. [caption id="attachment_158352" align="alignnone" width="827"] width= А.Аймағамбетов пен Қ.Балахметов.[/caption] Соңғы рет Қажахмет Балахметовпен биыл жазда 95 жас мерейтойымен құттықтап барғанымда кездесіп едік. Ол үнемі білім беру ісіндегі жаңалықтарды қадағалап, өз тәжірибесімен бөлісіп отыратын. Қажахмет Балахметұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын" деп жазды А.Аймағамбетов.