Жаңалықтар__Редакция таңдауыҚоғам

«Гений». Алматыда жұмбақ жағдайда қайтыс болған Ақназар Қажымұрат кім еді?

Алматыда халықаралық емтихандарда бірегей рекорд орнатқан 20 жастағы Ақназар Қажымұрат қайтыс болды. Әлемдегі ең беделді олимпиадаларда топ жарып, Гарвард түлегі атанған қазақстандық вундеркиндтің өлімі неден болғаны әзірге беймәлім, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Ақназар 2018 жылы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебін тәмамдап, Гарвард университетіне оқуға түскен. Ол ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарында 36-дан 36, 2400-ден 2400 ұпай жинап, бірегей рекорд орнатқан. Сонымен қатар, ең танымал математика және физика олимпиадаларының жеңімпазы атанған.

aknazar4

SAT Subject Test – негізгі пәндердің бірінен тапсырылатын емтихан, оны әдетте АҚШ-тың беделді университетіне түсу үшін сұрайды. Тесттің мақсаты бес бағыттың бірі бойынша білім деңгейін анықтау. Ақназар математика, физика және биология пәндерін тапсырып, максимал 800 ұпай алды. Ғылыми пәндер бойынша ең жоғарғы ұпайдан бөлек, оқушы IELTS халықаралық емтиханында 8.0 жинаған.

Ақназардың бірегей нәтижесі оған әлемнің үздік университеттеріне жол ашты. Зияткерлік мектептің түлегі Гарвардта оқуға бел буған еді.

rfsvehfn 2

Ақна­зар – Назарбаев зият­­керлік мек­теп­те­рінің 10 жыл­­дық мерейтойы­на ар­нал­ған «Ұлы дала мұра­гер­лері» фо­ру­­мында Елба­сы­дан бата ал­ған. Өзінің ғы­лыми жұ­мы­сын Н.Назарбаевтың алдында байыппен сауатты та­ныстырып шыққан Ақ­назарға  тұңғыш Президент сол кезде-ақ Гар­вард  университетіне түсе­тініне  сенім білдірген болатын.

aknazar2

Ақназар Қажымұрат есімі елімізде ғана емес, әлемде де танылып, мойындала бастаған еді.
Ол Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқып жүргенде-ақ, еліміздегі ең танымал Жәутіков және Эйлер олимпиадаларының, сондай-ақ, Ресей, Қытай елдерінде өткен байқаулардың жеңімпазы атанған.

Ақназардың айтулы жеңістерінің бірі Бейжіңде өткен S.-T. Yau High School Science Awards болды, ол байқауда математикадағы құбылыс қабілетін дәлелдеді.

2017 жылдың жазында қазақстандық бала Индонезияда Халықаралық физика олимпиадасының жеңімпазы атанды, ал бір жылдан соң 19-шы Азия олимпиадасында физикадан APHO 2018 байқауында алтын медаль алды. Ол сондай-ақ Таиландтағы IESO 2018 Жер туралы ғылым олимпиадасында күміс медальға ие болды.

aknazar1

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы Ақназардың өліміне қатысты оның туған-туыстарына көңіл айта отырып, А.Қажымұрат жайлы жазды.

«Ақназар оқушы кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатын және олимпиада қозғалысының белді өкілі еді.

Ол физика және математика пәндерінен республикалық және халықаралық беделді олимпиадалардан 18 медаль иеленген үздік оқушы еді. Атап айтқанда, Физикадан халықаралық олимпиада (IPHO), Физикадан Азиялық олимпиада (APHO), Жер туралы ғылым халықаралық олимпиадасы (IESO), Халықаралық Жәутіков олимпиадасы, физикадан республикалық олимпиада, Математикадан Л. Эйлер атындағы олимпиада.

2018 жылы мектепті бітіруші түлек Ақназар ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарынан 36-дан 36, 2400-ден 2400 максималды балын жинап, бірегей рекорд орнатты. Бұл нәтиже Ақназардың Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының арасында әлемдегі озық университеттердің бірі Гарвард Университетіне түскен алғашқы түлек атанып, құрдастарына даңғыл жол ашуына септігін тигізді.

Ақназар қажырлы еңбектің нәтижесінде жоғары көрсеткіштерді бағындыруға болатынын дәлелдеді.

Еліміздегі талай оқушыны шабыттандырып, оларға үлгі бола болды» делінген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

aknazar

Back to top button