Анкарада «Қазақстан жолы. Түркі бірлігі» көрмесі ашылды
Анкарада «Қазақстан жолы. Түркі бірлігі» көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық көрме жобасынҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігімен бірлесе ұйымдастырды.
Көрме Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі қазақстандық мемлекеттілік тұжырымдамасын жүзеге асыру нәтижесі негізіндегі Қазақстан Республикасы дамуының маңызды кезеңдерін көрсетуді көздейді.
«1991 жылғы 16 желтоқсанда егемендігімізді мойындаған әлемдегі ең алғашқы ел Түркия Республикасы болды. Бұл тарихи оқиғаны Қазақстанхалқы жоғары бағалайды әрі мәңгілік жадында сақтайды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстан мен Түркия – ежелден еншісі бір, тамырлас туыс елдер», – деген ұлағатты сөзі бар. Бүгінгі көрмеміздің «Қазақстан жолы. Түркі бірлігі» деп аталуы да кездейсоқ емес.Көрме Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына және бауырлас түркі мемлекеттерінің елімізді нығайтудағы рөліне арналған», – деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көрмелері бұған дейін Ресей мен Жапонияда, ал бүгін Түркияда өткізіліп отыр. Бұл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан өте маңызды іс-шара. Көрменің «Қазақстан жолы: түркі бірлігі» атауы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың түркі әлемінің жандануына, Қазақстанның тәуелсіздік алуына қосқан зор үлесін және оның заманауи мемлекетті жаңғыртудағы рөлін көрсетеді», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы.