Халықаралық емтиханда ең жоғары балл жинап, рекорд жасаған НЗМ түлегінің денесі табылды

Халықаралық емтиханда ең жоғары балл жинап, рекорд жасаған НЗМ түлегінің денесі табылды

Халықаралық емтиханда ең жоғары балл жинап, рекорд жасаған НЗМ түлегінің денесі табылды
ашық дереккөзі

Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің талантты түлегі Ақназар Қажымұрат қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жақында полицияға Ақназар Қажымұраттың жоғалғаны туралы арыз түскен.  width=
Бүгін Бостандық ауданының аумағында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жас жігіттің денесін тапты. Зорлық-зомбылықпен өлімнің белгілері табылған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, — деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 2018 жылы Ақназар Қажымұрат НЗМ-нің 12-сыныбында оқып жүріп, ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарында 36-дан 36 балл және 2400-ден 2400 балл жинап, рекорд орнатқан еді. Содан кейін ол оқуын жалғастыру үшін әлемдегі кез-келген университетті таңдау құқығына ие болған.