Жаңалықтар

Банк жүйесіндегі ақауға байланысты шотына 416 млн теңге түскен Қостанай тұрғыны сотталды

Қостанай тұрғыны банк жүйесіндегі ақауға байланысты 416 млн теңге алған. Бірақ осының өтеуіне бас бостандығынан айырылды, деп жазды lada.kz.

55 жастағы кәсіпкер шотына 500 мың теңге салып, кейін оны тауар төлемі ретінде басқа шотқа аударған.

Алайда, біраз уақыттан кейін картаға ақша толассыз түсе бастапты. Екі күн ішінде шотқа 416 млн теңге түскен. Бұл банк жүйесіндегі ақауларға байланысты болған. Ал кәсіпкер болса ақшаның қайдан түсіп жатқанын білуге тырыспаған. Керісінше, жұмсап, таныстары мен туыстарына аударған.

Кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Back to top button