Жаңалықтар

Інісі күдікке ілінді: Түркістанда құдықтан ер адамның мәйіті табылды

Түркістан облысы Келес ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны хабарласып, жалғызбасты көршісі жоғалып кеткенін айтқан, – деп жазды zakon.kz.

Оқиға орнына полиция капитаны Берік Айдосов шұғыл аттанды. Ол оқиға орнын мұқият тексеріп, үйдің ауласында орналасқан құдыққа апаратын жолдан қанның ізін байқап, жоғалған ер адамның мәйітін тапты.

Тереңдігі 2 метрлік құдықта ер адам қимылсыз жатқан. Оны ауыл тұрғыны танып, көршісі екенін айтты.

Табылған мәйіттен криминалистер тексеру кезінде көптеген денедегі көгерген із бен гематомалар тапты.

Факті ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша Келес АПБ-нің СДТБТ-ға тіркелді.

Полицейлер жан-жақты тексеру нәтижесінде, жәбірленушінің туыс інісі күдікке ілінді. Оны көшеден ұстады.

Жас жігіт туысының үйіне келген кезде ағасы екеуінің арасында жанжал болған. Нәтижесінде, інісі туыс ағасын өлгенше ұрып-соққан. Содан кейін жас жігіт мәйітті ауладағы суы тартылған құдыққа лақтырып, қашып кеткен.

Қазір күдікті қамауға алынды. Тергеу басталды.

Back to top button