Министрлік "Дикий" Арманның боксшыларға ақша таратқанына қатысты мәлімдеме жасады

Министрлік "Дикий" Арманның боксшыларға ақша таратқанына қатысты мәлімдеме жасады

Министрлік "Дикий" Арманның боксшыларға ақша таратқанына қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі

Мәдениет және спорт министрлігі Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында "Дикий Арман" лақап атымен танымал қазақстандық Арман Жұмагелдиевтің жеңілген спортшыларға ақша таратқанына қатысты Қазақстан бокс федерациясына ресми сауал жолдады.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Видео сипаттамасында Дикий Арман турнирде жеңілген үш қазақстандық боксшыға екі мың доллардан (шамамен 860 мың теңге - ескерт.) таратқаны айтылған. Министрліктегілер "ұлттық құраманың жекелеген боксшыларына ақша беру -  федерация мен министрлік ресми өкілі саналмайтын азаматтың жеке бастамасы" екенін айтты. Ведомство мәліметінше, Қазақстан бокс федерациясы Белград (Сербия) қаласында спортшыларды дайындауға, бокстан қазақстандық делегацияны басқаруға және сүйемелдеуге және олардың коммуникациясына жауап береді.
"Бокстан ұлттық құрама команда спортшыларын сапалы даярлау үшін барлық жағдай жасалған. Қазір Сербияда Қазақстан бокс федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы бар, оларға министрлік осы факт бойынша түсініктеме алу үшін ресми сұрау жіберді", - делінген хабарламада.
Одан кейін Олимпиада чемпионы, бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаев "Дикий Арманмен" түскен видеосын жариялады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Almaty/Astana?? (@megapolis.kz)