Жаңалықтар

Медициналық қалдықтардан синтез газ алудың айрықша әдісі

ашық дереккөзі

Медициналық қалдықтардан синтез газ алудың айрықша әдісі

Күн сайын әлемде әрбір аурухана төсегінен 0,5 келі биомедициналық қалдық бөлінеді. Ал Қазақстан бойынша жылына 18 мың тонна БМҚ шығарылады. Қазіргі таңда әсіресе коронавирус пандемиясынан кейін мұндай қалдықтарды утилизациялаудың маңызы арта түсті. Өйткені инфекцияланған және улылығы жоғары БМҚ көлемі көбейе түскен сайын, адам денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының термофизика және техникалық физика бөлімінің меңгерушісі Александр Устименко осы проблеманы шешудің инновациялық әдісін ұсынып отыр. Ғалым плазмотронның көмегімен биомедициналық қалдықтарды синтез газға айналдыру жобасын жүзеге асырып келеді. Биомедициналық (БМҚ) қалдықтар дегеніміз – инфекцияланған материалдардан құралған қалдықтар. Құрамында экологиялық қауіпті организмдер мен биомолекулалар кездесетін зертхана қалдықтары да осы қатарда. плазмотрон оттегі жеткіліксіз болса да жұмыс істейді. Яғни температураны көтеру үшін бензин, газ немесе мазут жағу қажет емес. А.Устименконың айтуынша, газдандыру процесінде қыздырылған ауа агент ретінде пайдаланылады. – Нәтижесінде синтез газ аламыз. Оны электроэнергия өндіру үшін және көптеген химиялық процестерге қолдануға болады. Біз үшін қалдықтарды өңдеу технологиясының өзі жаңа сала. Сондықтан ондағы әрбір процеске ерекше көзқараспен қарау қажет. Қоқыс өңдеуге қатысты бағдарлама аясында барлық қалдық түрлерінің газдандыру процесіне бақылау жүргіздік. Электр стансаларының қалдығы, яғни күл үйінділерінен бастап, ауыл шаруашылығы, ағаш өнеркәсібі және биомедициналық қалдықтарға дейін – барлығы ешқандай қалдықсыз газдандыруға болатынына көз жеткіздік. Әрине, одан қалған минералды қалдықтың көлемі көмірмен салыстырғанда әлдеқайда төмен, – дейді ол. Дүниежүзі бойынша биомедициналық қалдықтарды жоятын плазмалық технология мен плазмохимиялық реактордың баламасы жоқ және патент арқылы қорғалған. Одан бөлек, күрделі заттарды плазмада ыдырату өте тиімді. Өйткені оттегі болмағандықтан, биомедициналық қалдықтар газдарға айналып, пиролиз процесі жүреді. Ал жағу кезінде бұл үрдістер жүзеге аспайды. ҚазҰУ ғалымдары жобаны бірнеше шетелдік мамандармен бірлесіп жүзеге асыруда.