Әлем чемпионаты: 4 қазақстандық боксшы финалға шықты

Әлем чемпионаты: 4 қазақстандық боксшы финалға шықты

Әлем чемпионаты: 4 қазақстандық боксшы финалға шықты
ашық дереккөзі
Сербияда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалда Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты, – деп жазды Sports.kz. Серік Теміржанов (57 келі) жартылай финалда Освель Кабальеромен қолғап түйістірді. Бірінші раундта қос қарсылас терезесі тең деңгейде ойын көрсетті. Дегенмен раунд соңына таман Серік қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшының жеңісін қолдады. Екінші раундта үш төреші Серіктің жеңгенін мойындаса, екеуі кубалыққа сенім білдірді. Жалпы нәтижеде қазақстандық боксшы қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Осылайша ел құрамасынан финалға шыққан төртінші жолдама иесі атанды. Еске салсақ, ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі) финалға шыққан болатын. Кешкі сессияда Сәкен Бибосынов финалға берілген үшінші жолдамаға ие болды.