#ArdagerNurOtan: Байқаудың берер тағылымы мол – Роза Байсалбаева

#ArdagerNurOtan: Байқаудың берер тағылымы мол – Роза Байсалбаева

#ArdagerNurOtan: Байқаудың берер тағылымы мол – Роза Байсалбаева
ашық дереккөзі

«Nur Otan» партиясы және «Jas Otan» жастар қанатының бастамасымен қазан айында #ArdagerNurOtan онлайн байқауы өтті. Бұл байқау ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы, сонымен қатар қарттар күніне орай ұйымдастырылды.

Байқау ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, ардагерлерді ардақтап, олардың өнегесі мен тәлімін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Соның негізінде қазыналы ардагерлеріміздің ақпараттық-танымдық бейнероликтері жинақталды. Жас ұрпақпен кездескен ардагерлеріміз құнды әңгімелерін бөлісті. Қатысушылар қатарында Ұлы Отан және тыл еңбегінің ардагерлері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, еңбек ерлері, өңірлердің құрметті ардагерлері болды. Байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен 1700 бейнеролик келіп түскен. Барлық қатысушылардың ішінен 30 бейнеролик үздік деп танылды. Әрбір жеңімпаз ардагерге 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Аяулым | SMM | Мобилограф (@tzbkz)

Әбжанов Ханкелді, профессор Алматы қаласы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша белсенді ұзақ өмір сүру жобасының менеджері Роза Байсалбаева бұл бастаманың берері мол екенін айтады. Роза БАЙСАЛБАЕВА, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша белсенді ұзақ өмір сүру жобасының менеджері: Байқаудың берер тағылымы мол
         – Байқау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды, барлығы ойдағыдай өтті.  Бейнероликтердің мазмұны, сапасы, көркемдігі, әуенмен әрленуі – барлығы көңілден шықты. Әрқайсы тәлім-тәрбиеге тұнып тұр, ардагерлердің өнегелі өмірі – жас ұрпақ үшін аңыз іспеттес. Оған қоса бейнероликтерде еліміздің егемендік алуы, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер де баяндалады. Өскелең ұрпаққа тілектер айтылып, жастарға баса назар аударылады. Жастарға басымдық берілуі өте ұтымды болған деп ойлаймын. Келіп түскен әр бейнероликті мұқият қарап, әділ бағасын беруге тырыстым. Ардагерлерді, олардың ерлігі мен еңбегін, қайраты мен жігерін, тәлімі мен тағылымын жас ұрпақ ұмытпауы керек. Осы тұрғыдан алғанда бұл байқаудың берері мол, тағылымы ұшан-теңіз.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ??SAKHI BEKEMBAI NURLANULY?? (@sakhi_bekembai)

Непомилуева Надежда,  Тыл еңбегінің ардагері Алматы қаласы
Сонымен қатар акцияға  тарих ғылымдарының докторы Ханкелді Әбжанов, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, философия ғылымдарының докторы, академик, партия ардагері Қазыбек Қазкенов, Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайраткері Аягүл Миразова, Ұлы Отан соғысы еңбек майданына қатысқан Надежда Непомилуева, Еңбек сіңірген дәрігер, Ұлы Отан соғысы еңбек майданының қатысушысы Мұсағали Меңдіғалиев, мемлекет қайраткері Асылы Осман, химия ғылымдарының докторы, академик Александр Ильин, қоғам қайраткері Қатимолла Бердіғалиев, «Қорық және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, еңбек сіңірген қайраткер Бағдат Кәрбозұлы қатысты.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от "Jas Otan” Atyraý oblysy (@jasotan_atyrau)

Исаинова Мустахима, Жылыой ауданы Аналар кеңесінің төрайымы, ардагер мұнайшы Атырау облысы