Тұрсынбек Қабатов қызметке тағайындалды

Тұрсынбек Қабатов қызметке тағайындалды

Тұрсынбек Қабатов қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қызметке тағайындалды. Ол бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Құрметті достар, жағымды жаңалығыммен бөлісейін. Өмірімнің өрнегі - шығармашылық жолымның жаңа белесіне қадам басқалы отырмын. 1-қарашадан бастап Қазақстанның ақпарат айдынында орны бөлек 31 арнаның ойын-сауық бағдарламарының Продюсері қызметіне кірісемін. Жуырда ғана арна басшылығы ауысып, Құрманбек Жұмағали бастаған заманауи көзқарасы бар медиаменеджерлердің жаңа толқыны келді. Қазір ұжымның қолға алып отырған жоба-жоспарлары менің де көңілімнен шықты. Бұл ауқымды теле-жобаларды іске асыру үшін үлес қосуға шақыру түскенде көп ойланбастан қабыл алдым. Патша көңілді көрермен көңілінен шығамыз деп ойлаймын. Ендеше, 31 арна назарда болсын!, - деп жазды ол Instagram-да.