Шалғайдағы моноқала тұрғындарын қоныс аударуға ынталандыру қажет - Президент

Шалғайдағы моноқала тұрғындарын қоныс аударуға ынталандыру қажет - Президент

Шалғайдағы моноқала тұрғындарын қоныс аударуға ынталандыру қажет - Президент
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даму әлеуеті төмен моноқала тұрғындарының өңіраралық қоныс аударуын ынталандыру іс-шарасын әзірлеу қажеттігін айтты, - деп хабарлады akorda.kz. «Даму әлеуеті төмен шалғайдағы моноқалалар тұрғындарының облысішілік және өңіраралық қоныс аударуына қатысты ынталандырушы іс-шаралар қажет. Үкіметке Өңірлерді дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында даму әлеуеті төмен моноқалаларды көшіп кету өңірлері қатарына қосуды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста. Президент бұл бастама азаматтардың болашағы бар қалаларға өз еркімен қоныс аударуына себеп болатынын атап өтті. «Бұл азаматтардың мамандарды қажет етіп отырған болашағы бар, өсіп келе жатқан қалаларға өз еркімен қоныс аударуын ынталандырады. Өнеркәсіптік моноқалалар тұрғындарының басым бөлігі қажетті жұмысшы және инженерлік мамандықтарда біліктілігі мен тәжірибесі бар екенін жақсы білеміз», - деді Мемлекет басшысы.