Президент Үкіметке еліміздегі моноқалаларға сараптама жүргізуді тапсырды

Президент Үкіметке еліміздегі моноқалаларға сараптама жүргізуді тапсырды

Президент Үкіметке еліміздегі моноқалаларға сараптама жүргізуді тапсырды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев моноқалалардың даму әлеуетін үш топқа бөлу қажеттігін айтты, - деп хабарлады akorda.kz. «Моноқалаларды олардың әлеуеті негізінде үш топқа бөлген дұрыс болады деп санаймын. Бұл мәселеде барынша сындарлы болу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста. Президент Үкіметке еліміздегі барлық моноқалаларға тиісті сараптама жүргізуді тапсырды. «Үкімет облыс және моноқалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық моноқалалар бойынша тиісті сараптама әзірлеуі қажет. Ол әзірленіп жатқан Аумақтық даму жоспары мен Өңірлерді дамыту жоспарын ескеруі тиіс. Жұмысты 2022 жылдың 1 наурызына дейін аяқтау керек», - деді ҚР Президенті. Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысының Екібастұз қаласына барды. Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға барады деп жоспарланған.