Орал қаласында үйдің ауласынан мина табылды

Орал қаласында үйдің ауласынан мина табылды

Орал қаласында үйдің ауласынан мина табылды
ашық дереккөзі
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 3 қараша күні сағат 16.30-да Сарайшық көшесіндегі 92/1 мекенжайында болды. Сонда тұратын 35 жастағы ер адам жер қазу жұмысы кезінде минаға ұқсас зат тапқан. Мамандардың пайымдауынша, бас жарылғышы жоқ, танкіге қарсы қолданылатын мина азамат соғысы кезінен қалған. БҚО полиция департаментінің саперлары минаны қауіпсіз жерге, полигонға шығарып, сағат 18.12-де жойды. Зардап шеккендер жоқ.