Анасы мас болған: Риддерде қараусыз аш қалған бала ауруханаға жеткізілді

Анасы мас болған: Риддерде қараусыз аш қалған бала ауруханаға жеткізілді

Анасы мас болған: Риддерде қараусыз аш қалған бала ауруханаға жеткізілді
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында маскүнем ана баласына мүлде қарамаған. ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары қараша айының басында 3 жасар ұлымен бірге тұратын 41 жастағы әйелдің үйін тексерді. Соның нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Әйел үйінде мас күйде жатқан. «Үй іші суық, әрі астаң-кестең болып шашылып жатты. Әбден ашыққан қаршадай баланың үсті-басы кір болған. Сонымен қатар бұл үйде баланың қолайлы өмір сүруі үшін жарық, су және басқа да қажетті жағдайлар мүлде жоқ болып шықты», - делінген ақпаратта. Қазіргі уақытта бүлдіршін қалалық балалар ауруханасына жатқызылған. Одан әрі оны кәмелетке толмағандарды қолдау орталығына орналастыру жоспарланып отыр. Полицейлер әйел адамды ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішті кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолдамақ.