Ғали Ормановтың 1939 жылғы күнделігі табылды
Ғали Ормановтың 1939 жылғы күнделігі табылды
Халқымыздың ардақты ақындарының бірі, талантты лирик, ғажап аудармашы, білікті әдебиетші, қаламы жүйрік журналист, қазақ поэзиясының көрнекті көркемсөз шеберлерінің бірі – Ғали Орманов жер жәннаты Жетісу өлкесінде, қазіргі Алматы облысының Қапал ауданына қарасты Ешкіөлмес тауының бауырында дүниеге келген.
Қазақ әдебиетіне 20-жылдардың соңғы ширегінде келген, қазақ поэзиясының қалыптасуына, дамуына, өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ақынның бірі. Орыстың, Шығыстың классикалық үлгілерін аударып, қазақ әдебиетінің аударма саласында да біршама үлес қосып, ірі жұмыстарды игерді. Жамбыл Жабаевқа 1939-1945 жылдар аралығында әдеби хатшылық қызмет атқарған. Ол – жан сырларын, табиғат сипаттарын суреттеген, лирикалық жырларын азаматтық әуендермен тоғыстыра білген толымды ақын. Көптеген өлең жинағының, бірнеше поэма, әңгіме және очерктің авторы атанды.
1938-1945 жылдары Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болған ақын Ғали Ормановтың латын қарпімен жазылған күнделігі табылды. Ақынның жиен-немересі Айдар Қырықбайұлының сөзінше, күнделік шамамен 1939 жылы жазылған.