Ауруханадағы өрт: 60 жастағы ер адамның денесі табылды
Ауруханадағы өрт: 60 жастағы ер адамның денесі табылды
Жезқазған қаласының Орталық ауруханасындағы палаталардың бірінен өрт шықты. Өртті сөндіргеннен кейін оқиға орнында 60 жастағы ер адамның денесі табылды.
3 қараша күні сағат 11:58-де Жезқазған қаласының орталық ауруханасы ғимаратынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына ТЖД-нің 24 адамы мен 7 техникасы жіберілді. 4-қабаттағы палатада ауданы 10 ш.м. алаңды жалын шарпыды.
«Өрт орнынан 1961 жылы туған науқастың денесі табылды. Қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда аурухана штаттық режимде жұмыс істеуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы.
«Қарағанды облысы ТЖД күшімен жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 12:21-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен науқастың неден қаза болғаны анықталып жтыр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған науқастың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.