Президент коронавирусқа қарсы ревакцинацияға кірісуді тапсырды

Президент коронавирусқа қарсы ревакцинацияға кірісуді тапсырды

Президент коронавирусқа қарсы ревакцинацияға кірісуді тапсырды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдер халықты ревакцинациялау науқанына кірісуі қажет екенін айтты. «Эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын 30-ға дейін өлім-жітім тіркеледі. Мұның барлығы вакцинация қарқынының төмендеуі аясында орын алып жатыр. 9 айда халықты қамту шамамен 40 пайыз болды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста. Ақорданың Twitter-дегі мәліметіне сәйкес, Президент елдердің басым бөлігі халықты ревакциналауға көшкеніп атап өтті. «Қарқынды науқанды наурыз айында бастағанымызды ескерер болсақ, бізге де ревакциянация уақыты жетті. Үкімет пен әкімдер халықты ревакцинациялау науқанына кірісуі қажет», - деді Мемлекет басшысы.