Халықаралық іздеуде жүрген есірткі тасымалдаушы Өскеменде ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген есірткі тасымалдаушы Өскеменде ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген есірткі тасымалдаушы Өскеменде ұсталды
ашық дереккөзі

Халықаралық іздеуде жүрген есірткі тасымалдаушы Өскеменде ұсталды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлерінен 50 жастағы Өскемен тұрғыны көмек сұраған. Белгілі болғандай, танысы оның үйінде отырған, бірақ аздан соң жанжал шығып, оны ұрып-соғып, кетіп қалған.
«Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары дереу тексеру жүргізді. Нәтижесінде аталған ер адамның 2021 жылдың маусым айынан бері есірткі тасымалдағаны үшін халықаралық іздеуде жүргені анықталды», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта 1981 жылғы азамат қамауға алынған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.