Шетелдегі қазақ жастарына арналған шығармашылық байқау қорытындысы жарияланды

Шетелдегі қазақ жастарына арналған шығармашылық байқау қорытындысы жарияланды

Шетелдегі қазақ жастарына арналған шығармашылық байқау қорытындысы жарияланды
ашық дереккөзі

Шетелдегі қазақ жастарына арналған шығармашылық байқау қорытындысы жарияланды.

«Отандастар Қорының» ұйымдастыруымен шетелдегі отандастарымызға онлайн және офлайн форматта қазақ тілі курстары жүргізіледі. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыз ана тілімізді үйренуге ниетті. Жастармен мектеп оқушылары арасында тіліміздің, мәдениетіміздің, салт-дәстүріміздің сақталуы үшін балалар арасында да әртүрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Жыл сайын дәстүрге айналған «Шығармашылық байқауды» айырықша атап өтуге болады. Биыл жарияланған байқау шартына сәйкес ұлтымыздың 50 ақынының бірінің өлеңін таңдап, бейнежазба түсіріп, Instagram желісіне #Otandastarqazaqpoeziasy хэштегін белгілеп салу міндеттелді. Осылайша, қазақ поэзиясын әлемге таныту мақсатында өткізілген конкурс нәтижесінде шетелдегі жас жеткіншектерімізге ақындар шығармашылығымен жақынырақ танысуға зор мүмкіндік туды. Бүгінде байқауға қатысуға 280 адам тіркеліп, 175 отандасымыз әлеуметтік желідегі парақшасына бейнежазбаларын жүктеді. Сайысқа қатысуышлардың басым көпшілігі Абай Құнанбайұлы, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Жұмекен Нәжімеденов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин сынды ақындардың өлеңдерін оқыды. Жүзден жүйірік шыққан жеңімпаздар Ресей Федерациясы, Иран Ислам Республикасы, Өзбекстан Республикасы мен Моңғолия елінен анықталды. Қатарынан оза шауып, мәреге алдымен жеткен оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.