Синоптиктер алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

3 қараша, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Синоптиктер алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды «Қазгидромет» РМК 4-6 қараша күндері аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанға ығысқан суық солтүстік-батыс антициклоны жауын-шашынның тоқтап, температураның айтарлықтай төмендеуіне алып келді. 4 қарашада ғана оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар, таулы аудандарда қатты қар жауады, жел күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады. Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы: