Синоптиктер алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК 4-6 қараша күндері аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанға ығысқан суық солтүстік-батыс антициклоны жауын-шашынның тоқтап, температураның айтарлықтай төмендеуіне алып келді. 4 қарашада ғана оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар, таулы аудандарда қатты қар жауады, жел күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады. Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы:
  • батыста түнде 1-6 аяз, күндіз 0-5; - оңтүстікте +3-8 градус жылы, күндіз + 10 градус;
  • солтүстік-батыста 8-13-тен 0-10-ға дейін аяз, күндіз -5 – +6 градус аралығында;
  • солтүстікте 13-18-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 0-8 градус аяз - +0+6 градус жылы аралығында;
  • орталықта және еліміздің шығысында түнде 13-21-ден 5-13-ке дейін аяз, күндіз 2-13 градус аяз, +0+8 жылу аралығында;
  • солтүстік-шығыста +0+8 жылы, оңтүстік-шығыста түнде 5-13 аяз, күндіз 2-7 градус аяздан +0+5 градус жылы аралығында.