ШҚО-да автобус қаққан оқушы қыз оқиға орнында көз жұмды

ШҚО-да автобус қаққан оқушы қыз оқиға орнында көз жұмды

ШҚО-да автобус қаққан оқушы қыз оқиға орнында көз жұмды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында автобус қағып кеткен кәмелетке толмаған қыз көз жұмды. ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2 қараша күні кешкі уақытта Алтай қаласында болған. Горький мен Бочарников көшелерінің қиылысында келе жатқан «ПАЗ» маркалы автобус жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында 14 жастағы қызды қағып кетті. Жеткіншек алған жарақаттарынан сол жерде тіл тартпай кеткен. «Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.