Жаңалықтар

18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова «Түркістан аруы» атанды

ашық дереккөзі

18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова «Түркістан аруы» атанды

«Түркістан аруы-2021» байқауында 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова жеңімпаз атанды. Ол енді көне шаһардың атынан «Қазақстан аруы-2021» байқауында бақ сынайды.  Сонымен қатар арнайы тағайындалған «Мисс талант» атағы Ақерке Тұрдалиеваға табысталды. «Түркістан аруы-2021» облыстық байқауы биыл алғаш рет онлайн форматта өткен болатын. «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауы дирекциясының демеушілігімен өткен сайысқа Түркістан өңірінің ең сұлу қыздары қатысты.