Нұр-Сұлтан - Бішкек әуе рейсі қайта жанданады

Нұр-Сұлтан - Бішкек әуе рейсі қайта жанданады

Нұр-Сұлтан - Бішкек әуе рейсі қайта жанданады
ашық дереккөзі
Қазақстан мен Қырғызстан арасында тұрақты әуе қатынасы қайта жанданады, – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. «2 қарашада Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Нұр-Сұлтан – Бішкек бағытында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі қаралды. Нәтижесінде «Эйр Астана« әуе компаниясы жақын арада екі ел астанасы арасындағы рейстерді қайта бастайтын болды», - делінген министрлік ақпаратында. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес E190-E2/A – 320 әуе кемелерімен орындалады.