Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан – Бішкек әуе рейсі қайта жанданады

Қазақстан мен Қырғызстан арасында тұрақты әуе қатынасы қайта жанданады, – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

«2 қарашада Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Нұр-Сұлтан – Бішкек бағытында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі қаралды. Нәтижесінде «Эйр Астана« әуе компаниясы жақын арада екі ел астанасы арасындағы рейстерді қайта бастайтын болды», – делінген министрлік ақпаратында.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес E190-E2/A – 320 әуе кемелерімен орындалады.

Back to top button