Жаңалықтар

Ақтөбелік полицейлер жекпе-жектен Азия чемпионы атанды

Ақтөбелік полицейлер Мирас Ұлықпанов пен Айбек Атабаев түрлі салмақ дәрежесінде жекпе-жектен Азия чемпионы атанды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жекпе-жектен Азия чемпионаты 29-31 қазан аралығында Қостанайда өтті.

Полиция капитаны Мирас Ұлықпанов 65 келі салмақ дәрежесінде чемпионаттың бас жүлдесін жеңіп алды. Оның спорттағы жетістіктері өте көп, ең бастысы – ол осы спорт түрінен әлем чемпионы, екі рет Азия чемпионы және төрт дүркін Қазақстан чемпионы. Полиция қызметіне спорттағы жетістіктерінің арқасында шақырылған.

Полиция аға лейтенанты Айбек Атабаев бала күнінен спортқа қызығады. Үш рет ҚР чемпионы атанған.

Чемпиондар құрметіне Ақтөбе облыстық ПД ғимаратында кездесу өтті.

«Құқық қорғау органдарында спорт – ең басты негіздердің бірі, онсыз қазіргі заманғы полиция қызметкерін елестету мүмкін емес. Бұл әсіресе біздің арнайы жасақ жауынгерлеріне қатысты, олардың көпшілігі әртүрлі спорт түрлерінен спорт шеберлері. Чемпионатта біздің департаменттің ғана емес, бүкіл елдің намысын қорғаған жігіттер полиция қатарында лайықты қызмет етеді. Оларға құрмет көрсетіліп, мадақталып жатыр», – деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Мұрат Жақыпбеков.

Back to top button