Қылмыстық іс қозғалды: Семейде 65 жастағы әже өз немересінің үстінен полицияға арыз түсірген

Қылмыстық іс қозғалды: Семейде 65 жастағы әже өз немересінің үстінен полицияға арыз түсірген

Қылмыстық іс қозғалды: Семейде 65 жастағы әже өз немересінің үстінен полицияға арыз түсірген
ашық дереккөзі

Семей қаласының 65 жастағы тұрғыны өз немересінің үстінен шағым түсіріп, полицияға жүгінді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Биыл 19 қазанда Семей қаласының полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліміне 65 жастағы зейнеткер жүгінді, ол 18 жастағы қыз баланың, өз немересінің денсаулығы үшін алаңдап, оның пәтерінде сақтаған есірткі заттарын өз еркімен берді", - деп хабарлады полициядан.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 2-бөлігі "есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.